Головкин «Канелоны» қалай жеңе алады?

Головкин «Канелоны» қалай жеңе алады?

Boxingnews24 басылымының сарапшысы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль Альвареске (53-1-2, 36 КО) қарсы үшінші жекпе-жекте қалай жеңіске жете алатынын айтты.

– Головкинді «Канелоға» қарсы бірінші және екінші жекпе-жекті баяу бастағаны үшін сынға алған болатын. Үшінші айқаста ол жеңіске жеткісі келсе әлдеқайда ерте қимылдап, тезірек шабуылдауы қажет, - деп жазды Шон Джонс.

Естеріңізде болса, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес екі жекпе-жек өткізіп, біреуінде тең түссе, екіншісінде мексикалық боксшының мысы басым болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или