US Open туралы нақты шешім маусым айында қабылданады
АҚШ теннис федерациясының атқарушы директоры Майк Даузи US Open турнирі туралы нақты шешім қашан қабылданатынын айтты.
Атқарушы директордың айтуынша, турнирді кейінге қалдыру немесе өткізбеу туралы шешім маусым айында қабылданады. Турнирді ұйымдастырушылар команда дәрігерімен кеңесуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Даузи теннис бәсекесін көрерменсіз өткізуге қатысты пікірімен бөлісті.
«Қазір біз кез келген нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бірақ көрерменсіз өткізбейтін шығармыз. Жанкүйер болмаса, теннис мерекесінің көркі де қалмайды. Бірақ біз теннисшілердің де, көрерменнің де, турнирге көмектесетін жұмысшылардың да денсаулығын ойлауымыз керек», - дейді Даузи.
Қазір теннис маусымы 13 шілдеге дейін тоқтатылды. «Уимблдон» өткізілмейді, ал «Ролан Гаррос» турнирі қыркүйектің аяғына қалды.