Тамаш Аян: «Қазақстан ауыр атлетиканың тарихын жазып жатыр»

Тамаш Аян: «Қазақстан ауыр атлетиканың тарихын жазып жатыр»

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аян әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихатында Қазақстанның осы спорт түріне қосып жатқан үлесі туралы айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қазақстанның екі жыл бұрын Олимпиадада алған төрт алтын жүлдесі бұл елдің ауыр атлетиканы қалай жақсы көретінін анық байқатты. Бұл спорт түрінің дамуы үшін Қазақстан көп тер төгуде. Қазақстан ауыр атлетиканың тарихын жазып жатыр. Соңғы үш-төрт  күнде атқарушы комитетінде жиын өткіздік. Бұл жиында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының логотипін өзгерту туралы мәмілеге келдік. Кеше Қазақстанда федерация тарихында алғаш рет ауыр атлетикаға арналған фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл жастарды осы спорт түріне қызықтыру үшін жасалған қадам.

Кеше Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков халықаралық қауымдастыққа Қазақстанның стратегиялық жоспарларын жеткізді. Ұлттық федерация, жалпы қазақстандық спорт қауымдастығы алдағы уақытта ауыр атлетикамен айналысатын көп зал ашуды жоспарлап отыр.»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или