Лемье Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізгісі келеді
Канадалық боксшы Давид Лемье (41-4, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
– Бұрын айтқанымдай, мен Головкинге қарсы жекпе-жек өткізгенде, ол нағыз бабында болды. Енді мен шыңыма жеттім. Сол себепті ол менімен жекпе-жек өткізуге келіседі деп ойлаймын, - деді Давид Лемье.
Естеріңізде болса, Геннадий Головкин мен Давид Лемье 2015 жылы жекпе-жек өткізіп, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или