Фируза Шарипова ресейлік боксшымен жұдырықтасады

Фируза Шарипова ресейлік боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Бокс кеші Татарстан астанасы Қазан қаласында 19 маусым күні өтеді деп жоспарланған. Софья Очигава Фируза Шарипова қарсы жекпе-жекте өзіне тиесілі IBA белбеуін қорғайды. 

Бір қызығы, Фируза Шарипова кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Софья Очигава қарсы өткізіп, жеңіліс тапқан. Енді, міне, боксқа қайта оралғанда жолдары тағы түйіспек.

Айта кетейік, Фируза Шарипова өткен жылы кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или