Әділбек Ниязымбетов: Егер қайта таңдау жасасам, бәрібір боксқа келер едім

Әділбек Ниязымбетов: Егер қайта таңдау жасасам, бәрібір боксқа келер едім

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Ұлттық Олимпиадалық комитетінің #ҮйдемізTeamKZ айдарының қонағы болды. Тікелей эфир барысында былғары қолғап шебері кәсіби спорттағы жолын есіне алып, қазіргі таңда немен айналысып жатқанын айтып берді.

Жарақатыма байланысты үлкен спорттан кеттім

Жарақатыма байланысты кәсіби спорттан кетуге тура келді. Мені Оңтүстік Кореяға емделуге жібергенде шетелдік мамандар «ота денсаулықты қалпына келтіретініне кепілдік бере алмаймыз. Дұрысы, спортты қою керек» деді. Сөйтіп, бірінші байлық денсаулық дегендей, ата-анам, бапкерлеріммен кеңесіп, спортты қою туралы шешім қабылдадық.

Кәсіби спорттан кеткеніммен, спорттан толыққанды кеттім деп айта алмаймын. Себебі, қазіргі таңда спорт жолында Олимпиадалық даярлау орталығында қызмет атқарып жатырмын. Ал Егер қайта таңдау жасасам, бәрібір боксқа келер едім.

Алғаш рет жеңімпаз атанғанда көз жасыма ерік бердім

Шаршы алаңдағы ең алғашқы жеңісім күні кеше өткендей көз алдымда. 12 жасымда Өзбекстанның Жизах қаласында өткен додада жеңімпаз атандым. Сол кезде қатты қуанып, жылап жіберген болатынмын. Сонда ата-анам ерекше қуанып, мені мақтаныш тұтты. Жақындарымның осындай қолдауы мені ерекше жігерлендіретін.

Анам менің жекпе-жегімді мүлдем көре алмайды. Спортқа мені әкем жетелеп алып келгендіктен ол бір жарысты қалдырмай көріп отыратын. Барлық жарыстың нәтижесін анама әкем жеткізетін еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или