ITF теннис жанкүйерлерге бейнемұрағатын қолжетімді етті

ITF теннис жанкүйерлерге бейнемұрағатын қолжетімді етті

Халықаралық теннис федерациясы жанкүйерлерін қуантып, Дэвис Кубогы мен BNP Paribas Федерация кубогының соңғы 25 жылдағы ойындардың бейнемұрағатын ұсынды. 

Теннис жанкүйерлері COVID-19 індетінің өршуіне байланысты көптеген ірі додаларды тікелей эфирде көре алмады. Дегенімен, федерация Дэвис кубогы мен Федерация кубогының ерекше сәттерінен жиынтық жасап, оны көрерменге ұсыну туралы шешім қабылдады. Бейнамұрағат мәзірінде 1940 жылдан басталған додалардан тұратын 15 000 бейне таспаланған. 

Ойындар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де әр бейсенбі сайын Халықаралық теннис федерациясының YouTube желісіндегі арнайы каналында көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или