Айдос Ербосынұлы WBA рейтингінде екінші орынға жайғасты
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде үздік үштіктегі орнын сақтап қалды.
Екінші орта салмақта WBA International, WBO Global және WBC белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы өзінің салмағында екінші орынға жайғасқан. Көш басында – Гайана өкілі Леннокс Аллен.
Еске сала кетелік, Ербосынұлы 28 наурызда Канаданың Квебегінде <span>Тим Кронинмен жекпе-жек өткізуге тиіс еді. Кездесу коронавирус пандемиясына байланысты өтпейтін болды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или