Мунгия Қанат Исламмен емес, «Канеломен» кездескісі келеді
Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (35-0, 28 KO) промоутері Фернандо Бельтран өз клиентінің орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альвареске қарсы титулды жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
- «Канелоны» құрметтеймін, оған қоса мен оның жанкүйерімін. Дәл қазіргі сәтте ол әлемнің үздік бокшысы. Егер Хайме жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алса бірден келісімшартқа отырамыз. Әрине, Мунгияның жеңіске деген мүмкіндігі аз болар, бірақ бұл - бокс. Хайме кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын, - деді промоутер ESPN-ге берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы Хайме орта салмаққа осы жылдың басында ауысты. Алғашқы жекпе-жегінде ирландиялық Гари О'Салливанды 11-раундта нокаутпен жеңді.
Жақында Мунгияның қазақстандық боксшы Қанат Исламмен (27-0, 21 КО) кездесетіні айтылған. Бұл жекпе-жек Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс кездесуінің андеркардында өтеді деп жоспарланған. Бастапқыда бокс кеші 2 мамырда Лас-Вегаста өтеді деп күтілген, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылады.