Деревянченко Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізгісі келеді
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
– Головкинге қарсы жекпе-жегімді қарап, оның жанкүйерлерге ұнағанына қуанып отырмын. Биыл мен үшін жақсы жыл болады деп сенемін. Головкинге қарсы қарымта жекпе-жекті өткізу туралы ұсыныс түссе, қуана-қуана қабыл аламын, - деді Сергей Деревянченко.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко өткен жылы қазан айында жекпе-жек өткізіп, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или