«1 шілдеде трансферлік терезе ашылмайды»

«1 шілдеде трансферлік терезе ашылмайды»

Халықаралық футбол федерациясының заңды директоры лауазымын атқарып жүрген Эмилио Гарсия Сильверo трансфер терезесін уақытылы ашу мүмкіндігі туралы түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ФИФА келісімшарттарды 30 маусымнан кейін жаңарта алмайды. Трансферлік терезе бұрынғыдай уақытында ашылмайды және ойыншылар тіркеуден өте алмайды. Трансфер базары әр турнирдің басталуы мен аяқталуына байланысты болады», - деді Сильверо.

Еске салайық, барлық ұлттық чемпионаттар коронавирусқа байланысты тоқтатылды. Сонымен қатар, УЕФА жазда өтуге тиіс болған ұлттық құрамалар арасындағы жолдастық ойындардың барлығын белгісіз мерзімге кейінге қалдырды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или