Елеусінов бұрынғы әлем чемпионына қарсы жекпе-жектің өтетініне сенімді

Елеусінов бұрынғы әлем чемпионына қарсы жекпе-жектің өтетініне сенімді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) бұрынғы әлем чемпионы (IBF, IBO және WBA (Super)) намибиялық Джулиус Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы жекпе-жегі туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Құдай қаласа бұл жекпе-жек алдағы уақытта өтеді... Бүкіл әлемді шулатқан пандемия Алланың қалауымен өтіп кетсе осы жекпе-жекке дайындаламыз, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Елеусінов бұрынғы әлем чемпионымен 17 сәуір күні Оксон-Хиллде (АҚШ, Мэрилэнд штаты) өтетін бокс кешінде жұдырықтасуы керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бокс кеші кейінге шегерілді.

Даниярдан бөлек, Жәнібек Әлімханұлы мен Айдос Ербосынұлының қатысуымен өтетін Канаданың Квебек қаласындағы бокс кешінің де кейінге шегерілген болатын.

Елеусінов экс әлем чемпионымен жұдырықтасады

Елеусіновтің бұрынғы әлем чемпионына қарсы жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Әлімханұлы мен Ербосынұлының Канададағы жекпе-жегі кейінге қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или