DAZN алдағы үш ай бокс кештерін ұйымдастырмайды
DAZN стриминг сервисі коронавирус пандемиясына байланысты бокс кештерін өткізуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бокс кештерін ұйымдастырып, трансляциялайтын сервис бұған дейін пандемияға байланысты жобаларын белгісіз уақытқа шегерген болатын. Енді бокс кештерін үш ай бойы ұйымдастырмау туралы шешім қабылдаған.
Айта кетейік, былтыр DAZN сервисімен орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келісімшарт жасасқан. Биыл Головкин рингке шыққан жоқ.
<h4>DAZN Головкиннің бес ірі жетістігін атады</h4> <h4>DAZN қыркүйек айында GGG - «Канело» жекпе-жегін ұйымдастыруды қалайды</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или