Күрес

UWW Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қашан өтетінін мәлімдеді

UWW Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қашан өтетінін мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) коронавирус індетінің қарқын алып, Токио Олимпиадасының ауыстырылуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

UWW шешімі бойынша, 2020 жылға жоспарланған Олимпиадаға іріктеу турнирлері 2021 жылға ауыстырылды. Ұйымдастырушылар мен жарысты қабылдайтын мемлекеттер сол күйінде қалды.

30 маусымға дейін UWW жоспарлаған барлық чемпионат кейінге ауыстырылады. Нақты шешімді ұйымдастырушылар, техникалық комиссия және Спорт департаменті қабылдайды.

30 маусымға дейін барлық халықаралық турнир өткізілмейді.

Жылдың жарыс кестесі қайтадан қаралып, қайтадан түзіледі.

Сондай-ақ, UWW ұлттық федерацияларды вирустан сақтану үшін ішкі чемпионаттарды өткізбеуге шақырды.

UWW 2021 жылы спортшылардың азаматтық ауыстыруына шектеу қойды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер