Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты қыркүйек айында өтеді
<span>Үстел теннисінен командалық әлем чемпионатының өту мерзімі анықталды деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. </span>
<span>55-ші командалық әлем біріншілігі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтеді. Әлемдік дода 27 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін созылады. Бұл шешімді Халықаралық үстел теннисі федерациясының атқарушы комитеті қабылдады. Айта кетелік, командалық әлем біріншілігі 22-29 наурызда өтуі тиіс болатын. Алайда, COVID-19 індетіне байланысты алдымен маусымға, кейін қыркүйек айына қалды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или