Федерер Майамиде өткен виртуалды турнирдің финалында «жеңіліп қалды»
Чили теннисшісі Марсело Риос Miami Open турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс твиттер желісінде өтті. Жеңімпаз жанкүйерлердің дауысы беруі арқылы анықталды. Турнирге ATP рейтингісіндегі ең үздік 32 теннисші қатысты. Жартылай финалда Роджер Федерер испаниялық Рафаэль Надалды, ал Риос отандасы Кристиан Гаринді жеңді.
Ақтық кездесуде чилилік теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, ATP және WTA коронавирустың таралуына байланысты 13 шілдеге дейін турнир өткізбейтіндерін мәлімдеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или