Күрес

Гюзел Манюрова: Олимпиаданың бір жылға шегерілгені көптеген мүмкіндік сыйлайды

Гюзел Манюрова: Олимпиаданың бір жылға шегерілгені көптеген мүмкіндік сыйлайды
news-banner7
mobile-news-top

Наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитеті өте қиын шешімдердің бірін қабылдап, Токио Олимпиадасын келесі жылға ауыстырды. Күрес түрлерінен Федерация вице-президенті Гюзель Манюрованың айтуынша, төртжылдық додасының тағы бір жылға шегерілуінің жақсы жағы да бар. Olympic.kz спорт әлеміндегі өзгерістерге қатысты Манюрованың пікірін білген болатын.

«Бұл жағдайда қол қусырып отырмай, артықшылықтарын іздеу керк. Олимпиаданы мүлде өткізбей тастамай, ауыстырғанына рахмет. Бұл спортшылар үшін үлкен соққы болатын еді. Ал Токио ойындарына лицензия ала алмаған балуан қыздарымыз әрі қарай дайындықты жалғастырады. Жарақаты бар спортшылардың қалыпқа келуі үшін де бұл үлкен мүмкіндік. Маусым айына дейінгі барлық жарыстар кейінге қалды. Сол себепті, турнир күнтізбесіне қатысты ештеңе айта алмаймын. Халықаралық федерацияның шешімін күтудеміз. Олимпиадаға бару үшін алдымен жолдама иелену керектігін де ұмытпау керек. Біз үшін Азия аймақтық іріктеу турнирі де, әлемдік турнир де маңызды. Карантин режимі аяқталған соң туыстарыммен кездесіп, залға барамын Жұмысқа кірісіп, бір жеңілдеп қалар едім. Біз өзімізде бар қарапайым заттарды бағаламаймыз. Ал бақыттың бәрі сол сәттер екенін кеш түсінеміз», - деді Манюрова.

Айта кетелік, 11 наурыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты індет деп жариялады. 24 наурыз күні Халықаралық Олимпиада комитеті мен Жапония билігі 2020 жылғы Токио Олимпиадасын бір жылға ауыстырды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер