Теннис

Кирилл Герасименко: Бос уақытымды отбасым мен жақындарыма арнап жатырмын

Кирилл Герасименко: Бос уақытымды отбасым мен жақындарыма арнап жатырмын
news-banner7
mobile-news-top

Әлемді жайлаған коронавирус қаупіне байланысты бүгінде барлық ірі іс-шаралар мен спорт жарыстары тоқтап тұр. Еліміздегі спортшылар төтенше жағдай режиміне байланысты үйде оқшаулануға мәжбүр. Олар үй жағдайында жаттығып, карантин режимін қатаң сақтап отыр. Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко жанкүйерлерді бұл қиын кезеңнен бірге өтуге шақырды, деп жазады Prosports.kz, ҰОК ресми порталына сілтеме жасап.

«Спортшы болғандықтан, жиі сапарға шығып, үйде өте сирек боламын. Тіпті, отбасымды көп жағдайда көрмеймін десем де артық емес. Ал қазір туған-туыстарыммен жақын араласып, үйде уақытты мейілінше көңілді өткізуге тырысып жүрмін.

Шахмат, пазлдар мен карт ойнап, уақыт қысқартамыз. Маған жетпейтіні де осы... Жақындарыммен, достарыммен бірге болатын кезім аз. Сондықтан, қазір жақындарыма көңіл бөліп жатырмын.

Одан бөлек, жаттығуды ешкім шегерген жоқ. Форманы жоғалтпау керек. Арасында кітап оқып, компьютер ойындарын ойнаймын. Шыны керек, карантин уақыты қызық өтіп жатыр. Отбасымның ортасында басымыздан өтен қызық оқиғаларды еске аламыз», - дейді Кирилл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер