Нұрсұлтан Жаңабаев: Әлем чемпионы болғым келеді
Жартылай орта салмақтағы WBO Oriental белбеуінің иегері қазақстандық кәсіпөой боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев Prosports.kz сайтын берген сұзбатында карантин кезіндегі жаттығулары қалай өтіп жатқанын айтып берді.
- Карантин кезінде уақытыңыз қалай өтіп жатыр?
- Карантин кезінде отбасыммен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік туды. Басқа кездк мен әрқашан сыртта жүремін, жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өте көп.
- Қазіргі кезде қайда және қалай жаттығып жүрсіз ?
- Үйде жаттығу жасауға тырысып жүрмін. Таңертең жүгіргенді ұнатамын. Спорттық формамды жоғалтпау үшін әртүрлі жаттығулар жасаймын және дұрыс тамақтанамын.
- Осы жылғы басты мақсатыңыз қандай ?
- Бала кезімнен чемпион болуды ойлайтынмын. Қазіргі чемпионмен жұдырықтасқым келеді.
- Қанат Ислам - Хайме Мунгия жекпе-жегіне болжамыңыз ?
- Мен Қанат Ислам жеңеді деп ойлаймын.Ол біздің үлкен ағамыз десем болады.
Естеріңізге салатын болсақ Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 14 тамызда Сидней қаласында өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен Стив Гагоны жеңген болатын.