Грек-рим күресі

Хорлан Жақанша әлемдік рейтингте екінші орында

news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі наурыз айында рейтингте көш бастаған спортшылар тізімін жариялады. Грек-рим кресінен үздік төрттікке енгендер қатарында қазақстандық балуан да бар, деп хабарлайды Olympic.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері балуан Жақанша Хорлан әлем рейтингінде екінші орынға жайғасқан.

Әлем чемпионы Грузия балуаны Нугзари Цурцумия рейтингте көш бастап тұр. Ал АҚШ спортшысы Макс Новри үшінші орыннан көрінсе, әзербайжандық Елдениз Азизли үздік төрттікті қорытындылаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер