Қазақстандық боксшы карантин кезінде үйде қалай жаттығуға болатынын көрсетті (видео)
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) коронавирус пандемиясы кезінде үйде жасауға болатын шағын жаттығулар жиынтығының жеке нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
«Үйде карантин кезінде жасауға болатын жаттығулар бар. Жалқауланбаңыз, өйткені сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда. Денсаулығыңыздың жақсы болғанын қалаймыз, бірақ бұл үшін әрине әрекет ету керек. Біз Жаратқаннан бізге мәлім және беймәлім күнәларымызды кешіруін сұраймыз», - деп жазды спортшы өзінің Инстаграмдағы парақшасында, сондай-ақ ол жаттығулармен бірге екі қысқа видео жариялаған.
Еске сала кетелік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегін былтыр 9 қарашада өткізген. Сол түні бесінші раундта ол аргентиналық Родольфо Мартинесті төрешілердің техникалық шешімімен жеңіп, WBC-дің орта салмақтағы бос тұрған титулын жеңіп алған болатын.