Күрес

Бұрымды балуан Эльмира Сыздықова карантин режимін қатаң сақтауға шақырды

Бұрымды балуан Эльмира Сыздықова карантин режимін қатаң сақтауға шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық Олиипиада комитетінің инстаграмдағы ресми парақшасында #ҮйдемізTeamKz онлайн жобасы жалғасып жатыр.

Онлайн форматында өтіп жатқан тікелей эфирдің бүгінгі қонағы әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Эльмира Сыздықова. Эфир барысында бұрымды балуан Эльмира Сыздықова барша қазақстандықты карантин режимін қатаң сақтануға шақырды.

"Карантин бұл - демалыс емес, бұл үзіліс емес. Бұл - жауапкершілік. Бізге ескертілген барлық шараны қатаң сақтануымыз керек. Қазіргі жағдайда біз тек қана өзіміздің емес, жақындарымыздың да денсаулығына тікелей жауаптымыз", - дейді Эльмира Сыздықова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер