Бокстан әлем чемпионы әйелдің жағында қалай «жұдырықтың ізін» қалдыру керек екенін көрсетті

Бокстан әлем чемпионы әйелдің жағында қалай «жұдырықтың ізін» қалдыру керек екенін көрсетті

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Саундерс карантин кезінде әйелдер мен қыздарды қалай дұрыс ұрып-соғу керектігін көрсететін күлкілі бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бейнежазбада ол «сіздің қызыңыз аузын ашса» және «оның жағында қалай жұдырықтың таңбасын» қалай қалдыру керектігін көрсетеді. Кейін спортшы бұл жазбаны жойғанымен, жазба басқа Twitter қолданушыларында сақталып қалған.

Сондерс көпшіліктен кешірім сұрады. «Мен ешқашан отбасылық зорлық-зомбылықты құптамадым. Егер ер адамның әйелді ұрып жатқанын көрсем, өзім оның тас-талқанын шығарамын. Менің қызым бар, оған біреу саусағының ұшін тигізсе, мен оны аямаймын. Әйелдерді ренжітсем кешірім сұраймын», - деп жазды Билли Джо.

30 жастағы британдық өзінің кәсіпқой рингтегі 29 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. 2019 жылдың қарашасында ол 11-раундта Марсельо Козересті нокаутқа жіберді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или