Хайме Мунгия: Альваресті сынайтындарды түсінбеймін
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия өзінің отандасы Сауль Альварестің хейтерлері неге көп екенін түсінбейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe сайтына сілтеме жасап.
«Ол - Мексиканың ең үздік боксшысы. Неге оны (кейбір адамдар) ұнатпайтынын білмеймін. Бірақ ол ештеңеге мән бермей, алға жылжып келеді. Жаратуышға мадақ, менің жанкүйерлерім өте жақсы, мен оларға ұнаймын деп ойлаймын. Мен бәріне мейірімді болуға және басқалармен тату өмір сүруге тырысамын. Менің ойымша, дәл осындай тәсілмен жанкүйер жүрегін жауладым», - деді Хайме.
Айта кетейік, биылғы жылдың 12 қаңтарында Мунгия бірінші орта салмақтағы белбеуін босатып, Сауль Альварестің салмағына ауысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или