Басқа

Токио Олимпиадасы қай кезде өтуі мүмкін

Токио Олимпиадасы қай кезде өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

ХОК-тың Токио Олимпиада ойындарын үйлестіру комиссиясының басшысы Джон Коутс коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге қалдырылған Ойындардың қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олимпиада 2021 жылдың шілдесінің ортасы мен тамыздың бірінші жартысына дейін болады.

«Олимпия ойындары Үлкен Дулығаның екі турнирі - Уимблдон және US Open арасында өтуі керек. Біз төрт аптаның ішінде күндер туралы азды-көпті келісімге келуді қалаймыз».

Сонымен қатар, Олимпиаданы ұйымдастырушылар жүзуден (16 шілде - 1 тамыз) және жеңіл атлетикадан (6-15 тамыз) 2021 жылғы әлем чемпионаттарының мәселесін шешуі керек. Сірә, жеңіл атлетикадан Әлем кубогы 2022 жылға қалдырылуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер