Басқа

Олимпиаданың өтетін мерзімі төрт аптадан соң анықталады

Олимпиаданың өтетін мерзімі төрт аптадан соң анықталады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токио-2020 ұйымдастыру комитеті жазғы олимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстырды. Мұндай шешім қабылдауға әлемде коронавирус індетінің таралуы себеп болып отыр. ХОК президенті Томас Бах Олимпиаданың нақты қай күндері өтетіні талқыланып жатқанын мәлімдеді.

- Біз Жапония премьер-министрі Синдзи Абэ мырзамен ойынның нақты өткізілу уақыты туралы әлі сөйлескен жоқпыз. Олимпиада ойындарын әлемдегі ең көлемді әрі қиын іс-шаралардың бірі. Сондықтан, телефон арқылы мұндай мәселелерді шешу мүмкін емес. Бұл мәселемен ұйымдастыру комитеті және ХОК-тің үйлестіру комитеті айналысады. 2021 жылғы жоспарланған көптеген спорттық жарыстар бар. Сол үшін бұл сұрақты шешуге төрт апта уақыт керек. Токио Олимпиадасында 206 ұлттық олимпиадалық комитеттер атынан 11 мың спортшы бақ сынайды. Сондай-ақ, босқындар командасы барын да ұмытпаңыздар. ХОК-тің үйлестіруші комитеті барлық федерациялармен бір шешімге келіп, нақты датаны анықтайды, - деді Томас Бах.

Айта кетелік, Олимпиада ойындары тарихта алғаш рет кейінгі ауыстырылып отыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер