Басқа

Олимпиада алауы эстафетасы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді

Олимпиада алауы эстафетасы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

24 наурызда Халықаралық Олимпиада комитеті және Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстыратыны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған орай, «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті Олимпиада алауы эстафетасын кейінге шегеру туралы шешім қабылдады. Аталған эстафета жоспар бойынша бүгін, 26 наурызда басталуы керек еді. Ұйымдастырушы комитеттің айтуынша, Олимпиада ойындарының қашан өтетіні белгілі болғанда эстафетаның уақыты қосымша хабарланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер