Басқа

Бразилия Олимпиаданы шегеруді қолдады

Бразилия Олимпиаданы шегеруді қолдады
news-banner7
mobile-news-top

Бразилия Ұлттық Олимпиада комитеті (ОКБ) Токио Олимпиадасын белгіленген уақыттан 2021 жылға ауыстыруды қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мұндай пікірге келуіне әлемде 250 000 адам жұқтырған COVID-19 пандемиямының өршуі себеп болған. Осыған байланысты, әлемдік деңгедегі барлық ірі маңызды жарыстары мен жаттығу жұмыстарының тоқтап қалуы түрткі болғанын айтты.

Олимпиада ойындарына қатысу спортшы үшін үлкен арман екенін бұрынғы дзюдошы және осы спорт түрінен бұрынғы жаттықтырушы ретінде жақсы білемін.

ХОК бұған дейін осындай ауқымды мәселеге тап болған. Мысалы, 1916, 1940 және 1944 жылдары дүниежүзілік соғысқа, 1980 жылы Мәскеуде, 1984 жылы Лос-Анджелесте байкотқа байланысты ойындар шегерілген болатын. Ұйым бұл кедергілерді жеңе білді және де осындан кейін біз Олимпиада алауының сәулесі жарқырай түскенін байқаймыз. 1976 жылғы Монреал Олимпиадасының жеңімпазы Томас Бах осындай қиын шақта дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін», деген ОКБ президенті Пауло Вандерли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер