Басқа

АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитеті Токио Олимпиадасына қатысты үндеу жариялады

АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитеті Токио Олимпиадасына қатысты үндеу жариялады
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитеті (USOPC) 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарын коронавирс пандемиясына байланысты уақытын өзгерту туралы үндеу жасап, арнайы мәлімдемесін ұсынды.

USOPC мәлімдемесінде мұндай шешімді 1780 америкалық спортшылардан сауалнама нәтижесі бойынша қабылдағанын айтқан. Ұйымның ресми үндеуі Халықаралық Олимпиада комитетінің мәлімдемесінен кейін жарияланды.
"Біздің сауалнамаға қатысқан АҚШ құрамасының 1780 спортшысына шынайы жауап бергендері үшін алғысымызды білдіреміз. Сауалнама COVID-19 және Токио Олимпиадасына қатысты алып, біз үшін спортшылардың пікірі маңызды екенін көрсеттік. Сауалнама нәтижесінде спортшылардың ой-пікірлерін тыңдап, олардың не алаңдататынынан хабардар болдық. Әлемде болып жатқан жағдай жаздаа реттелгенімен, спортшылардың жаттығу кезеңдері, допинг бақылау және де Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінде қиындық туындап, спортшыларғаа кері әсерін тигізетініне көз жеткіздік. Осыған байланысты, Олимпиаданы белгіленген уақыттан кейінге шегеріп, Ойын барысында қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қатысты үндеу жариялаймыз. Біз олардың пікірі мен кері байланысты күтеміз. Сонымен қатар, АҚШ командасын қолдап, халықаралық қауымдастықпен толық ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз", - делінген ресми үндеуде.


Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер