Басқа

БАҚ: Жапония Олимпиаданы бір жыл кейінге қалдыруға дайын

БАҚ: Жапония Олимпиаданы бір жыл кейінге қалдыруға дайын
news-banner7
mobile-news-top

Sankei газетінің хабарлауынша, Жапония Олимпиада ойындарын бір жылға кейінге қалдыруға дайын, деп жазады Prosports.kz.

Сонымен бірге, ойындарды екі жылға кейінге қалдыру мүмкіндігі жоқ екендігі айтылды. Өйткені 2022 жылы Пекиндегі қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Бүгін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ ХОК президенті Томас Бахпен телефон арқылы сөйлесті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапония үкіметі Олимпиада ойындары уақытында өтетінін айтқан. Алайда бірнеше елдің ҰОК Олимпиаданы кейінге шегеру жайлы ұсыныс айтты.

Айта кетейік, Токиодағы ойындар 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер