Басқа

Спорттық гимнастикадан әлем кубогының екі кезеңі өтпейтін болды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогының екі кезеңі өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) коронавирусқа байланысты спорттық гимнастикадан Бирмингем (Ұлыбритания) мен Токиодағы (Жапония) әлем кубогы кезеңдерінің өтпейтінін мәлімдеді.
Бирмингемдегі кубоктық кезең 28 наурызға, ал Токиодағы турнир 4-5 сәуірге жоспарланған болатын. Аталған турнирлер олимпиадаға іріктеу жүйесіне енеді. Ал Катар астанасы Дохада өтетін кубоктық кезең 3-6 маусымға шегерілді. Айта кетелік, спорттық гимнастикадан Бакудегі әлем кубогы кезеңі де финал қарсаңында тоқтатылған болатын. Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасында Токио Олимпиадасының бір жолдамасы бар. Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Олимпиадаға лицензия ұтып алған болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер