Live
Спорттағы коронавирус
Басқа

Екі ел Токиодағы Олимпиадаға қатысудан бас тартты

Екі ел Токиодағы Олимпиадаға қатысудан бас тартты

Канаданың Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттері спортшылар мен ұлттық спорт федерацияларының келісімімен өз құрамаларын 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиадалық ойындарға жібермеу туралы шешім қабылдады, ал Австралия Олимпиадалық комитеті коронвирус салдарынан Олимпиадаға құрама жинақтау мүмкін емес деп санайды.

«Канадалық Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттер Халықаралық Олимпиада Комитетін (ХОК), Халықаралық Паралимпиадалық Комитетті (IASC) және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымын (ДДСҰ) Ойындарды бір жылға шегеруге шақырады және біз туындаған барлық қиындықтарды жеңуге көмектесуге жан-жақты қолдау көрсетеміз. Сспортшылар және халықаралық қауымдастықтың денсаулығы мен қауіпсіздігінен маңызды ештеңе жоқ», - делінген Канада Олимпиада және Паралимпиадалық комитеттерінің бірлескен мәлімдемесінде.

Канада Олимпиада және Паралимпиадалық комитеттері егер олар жоспарланған түрде (24 шілде - 9 тамыз) 2020 жылы өтетін болса, Токиода өтетін Ойындарға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады

«Австралия Олимпиада комитеті бүгін таңертең атқарушы комитеттің телеконференция өткізді және бірауыздан австралиялық құраманы өзгермелі жағдайда үйде де, одан тыс жерлерде де жинауға болмайды деп шешті» делінген комитеттің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Австралиялық ОК мәлімдемесінде осы елдің спортшылары бүкіл әлемде жаттығып жатқандығы айтылады. Сондай ақ, әуе қатынастарының тоқтап тұрғанын ескерсек, құраманы жинай алмаймыз деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ХОК Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ауыстыру жайлы шешім алдағы төрт апта ішінде қабылданады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0