Басқа

Қазақстанда жүлде қоры 12 млн теңге болатын киберспорт турнирі жарияланды

Қазақстанда жүлде қоры 12 млн теңге болатын киберспорт турнирі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда жүлде қоры 12 млн теңге болатын киберспорттан турнир жарияланды.

Елімізде төтенше жағдай режимінің жариялануына қарамастан хабардар болу, сабырлық пен гигиена сақтаумен қатар үйде бос уақытта көңілді өткізу коронавирусқа қарсы басты қару саналады. Үйде уақытты көңілді өткізуге жүлде қоры 12 млн теңге болатын Alaman Stay Home киберспорт турнирі көмектесе алады. Осынау турнир аясында Қазақстанның Киберспорт федерациясы Stay Home – «Үйде қал» хэштегін насихаттауда.

«Осы хэштегпен біз індет әсерін тигізіп отырған қашықтан оқу, жұмыс істеу және тіршіліктің басқа да салалары туралы сөз етуді жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы турнирдің бас серіктесі «Қазақтелеком» АҚ-ның Ultra тарифтік жоспарымен оңтайлы қабысып жатыр. Аталған тарифтік жоспар аясында абоненттерге ADSL технологиясы бойынша 200 Мбит/с-тан 500 Мбит/с және 8 Мбит/с-қа дейін жылдамдық алуға мүмкіндік беретін FTTH технологиясы бойынша 4 түрлі топтама ұсынылады»,- делінген таратылған ақпаратта.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер