русский язык
ММА

Еңбексүйгіштік пен жеңіске деген ұмтылыс. Бапкер Шавкат Рахмоновтың мықты тұстарын айтты

Еңбексүйгіштік пен жеңіске деген ұмтылыс. Бапкер Шавкат Рахмоновтың мықты тұстарын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ММА командасының жаттықтырушысы Баян Жанғалов #ДРУГОЙ ТЫ Youtube арнасына берген сұхбатында шәкірті Шавкат Рахмоновтың жақсы қасиеттері туралы айтып берді, соның арқасында олардың ынтымақтастығы басталып, содан кейін MMA әлеміндегі жетекші промоушнмен келісімшартқа отырған, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біздің таныстығымыз 2013 жылы, Қазақстанда алғаш рет чемпионат өткізген кезде, яғни ММА елде спорт түрі ретінде танылған кезде болды. Шавкат Қарағанды ​​облысы атынан қатысты. Мен оған сол кезде назар аудардым. Біріншіден, бұл антропометрия, ең алдымен – салмағы мен бойына қызықтым. Екіншіден, мен оның жеңіске деген ұмтылысы мен ниетін көрдім, ол ұтылуды жек көреді. Ол кезде шеберлігі шыңдалмаған еді, бірақ жеңіске деген жігері мені қатты таң қалдырды. Ол чемионатта екінші орын алды - финалда өз жерлесімен кездесті. Оқу-жаттығу жиынында жақынырақ таныстық, мен оның көптеген қырын аштым. Жаттығуда қалай жұмыс істейтінін, еңбек режимі мен қойылған міндеттерге түзу ниетпен қарайтынын көрдім. Оның еңбекқорлығы мен басқа да факторлар маңызды рөл атқарды. Солкезден бастап жақынырақ сөйлесіп, жоспарымыз туралы ойлана бастадық », - деді тәлімгер.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмоновтың UFC промоушнындағы алғашқы жекпе-жегі 21 наурызда Лондон қаласындағы UFC Fight Night 171 турнирінде өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирустық пандемияға байланысты турнир алдымен Америка Құрама Штаттарына ауысты (америкалық визаның жоқтығынан, қазақстандық жарыстан шығуға мәжбүр болды), содан кейін толығымен белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Сұхбат орыс тілінде жүргізілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;