Басқа

Норвегия Олимпиада комитеті ХОК-қа Олимпиаданы кейінге шегеруді сұрады

Норвегия Олимпиада комитеті ХОК-қа Олимпиаданы кейінге шегеруді сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Норвегия Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа хат жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz Sovsport.ru сайтына сілтеме жасап.

Норвегиялық спорт жетекшілері коронавирустың таралуына қатысты жағдай бақылауға алынғанша Токио Олимпиадасын кейінге шегеруді ұсынып отыр.

«Норвегия ҰОК-ы COVID-19 пандемиясына және ұлттық және халықаралық деңгейдегі денсаулық жағдайына алаңдаулы», - делінген Норвегия Олимпиада комитетінің сайтында жарияланған хатта. - Әлемнің көптеген бөліктеріндегі жағдай күрделі және қауіпті. Норвегияда аурудың алдын алу туралы заңнама негізінде қабылданған шаралардың бірі - спорттық іс-шараларға тыйым салу. Норвегиядағы спорттық қозғалыс үшін де бұл өте қиын уақыт, бірақ біз оны еңсеруге бел будық.

ҰОК Токио Олимпиадасының жоспарлануын күн сайын қадағалап отырады. Мақсатты топтың ұсынымдары ең жоғары медициналық стандарттарға сәйкес келеді, және спортшылардың қауіпсіздігі жалпы басымдық болып табылады деп санаймыз. Біздің барлығымыз бетпе-бет келіп отырған қиын жағдайға байланысты ХОК бізге Токио-2020 шешімі туралы ақпараттар берсе, біз риза болар едік. Біздің нақты ұсынысымыз - Ойындар коронавирустық жағдайды бүкіләлемдік бақылауға алынғанша өткізілмеуі керек ».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер