Күрес

Иран балуандары коронавирус індетінің емін табу үшін қор құрды

Иран балуандары коронавирус індетінің емін табу үшін қор құрды
news-banner7
mobile-news-top

Иран балуандары коронавирустық індетке қарсы тұру үшін қор құрды.

Бұл қорды атақты еркін күрес балуандары - Олимпиада чемпиондары Расул Хадем (Атланта-96), Комел Гасеми (Лондон 2012) және әлем және Азия чемпионы, Рио Ойындарының қола жүлдегері Хасан Рахими құрды, деп жазады courtdag.ru.

Жеке және тартылған қаражатты пайдаланып, медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер, маскалар және антисептикалық заттар сатып алып, оларды эпидемиологиялық жағдайы қиын аудандарға жеткізеді.

Иран коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Италиядан кейін үшінші орында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес, Ислам республикасында індет 1300-ден астам адамның өмірін қиды, ал бейресми мәліметтер бойынша бұл сан екі есе көп.

Коронавирусты жұқтырғандардың қатарында 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Хасан Яздани және оның жеке бапкері бар.

Вирус жұқтырғандардың тізімінде Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының чемпионы Хасан Язданидің әкесі де бар.

«Иранда 10 минут сайын бір адам коронавирустан көз жұмады, ал әр сағат сайын 50 адам вирус жұқтырады», - деді Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Киануш Джаханпур.

Эпидемияның елде тез таралуы дәрігерлерді емдеуге арналған қорғаныс құралдарының жетіспеушілігімен, билік органдарының карантин мен оқшаулануды қамтамасыз ете алмауымен, деп жазады The Independent.

Бұл ретте Иран билігі індетті өз бақылауына алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануда. Көптеген мәртебелі адамдар елдегі коронавирус жағдайына АҚШ-тың санкциялары әсер етті деп санайды. Себебі Иран қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды шет елдерден ала алмай жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер