Күрестен Олимпиада чемпионы қазақ балаларын тәрбиелейді

Қазақстанның спорт шебері Ислам Байрамуков екі дүркін Олимпиада чемпионы Сергей Белоглазовтың Қазақстанда еңбек етіп жатқанын жеткізіп, сондай-ақ жас күресшілер туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Сергей Белоглазовтың Қазақстанда жұмыс жасап жатқанына жарты айдан асып кетті. Бүгінде Қазақстан құрамасында аға бапкердің көмекшісі қызметінде тер төгуде. Дарынды балаларымыз көп, олармен дұрыстап жұмыс істеу керек. Белоглазовтың да Қазақстанға келген себебі осы – күресшілерімізді Олимпиада ойындарына, әлем біріншілігіне дайындау.

Жас күресшілерден Расул Қалиевті ерекше атап өткім келеді. 57 келіге дейін салмақ дәрежесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Биыл Азия ойындарында екінші орын алды, оған дейін әлем чемпионатында төртінші орынды місе тұтқан болатын. Одан кейін Аслан Кахидзеден көп нәрсе күтемін. Осы әлем біріншілігінде бесінші орын алды. Ол да жаман нәтиже емес», - деді Байрамуков.

Естеріңізге сала кетсек, Сергей Белоглазов – еркін күрестен екі дүркін Олимпиада, алты дүркін әлем және бірнеше дүркін Еуропа және КСРО чемпионы. 1980 жылы КСРО-ның спорт шебері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или