Айдос Ербосынұлы: Әр жекпе-жегімнің өзіндік қиындығы болды

Айдос Ербосынұлы: Әр жекпе-жегімнің өзіндік қиындығы болды

Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы Prosports.kz сайтына берген сұхбатында 

– Әр жекпе-жектің өзіндік қиындығы болды, өйткені қарсыластарымның рейтингі жоғары еді. Наурыз айында намибиялық мықты боксшы Лукас Нлафалуммен жұдырықтастым. Одан кейін де қызықты жекпе-жектерім болды. Аустралияда Рокки Джеркичпен қолғап түйістірдім. Ол өте ақылды әрі мықты боксшы, соққысы жойқын. 

– Қазір елдегі коронавирус ахуалында жаттығып жатырсыз ба?

– Жоқ. Қазір барлық жаттығуларымды уақытша тоқтаттым. Оған қоса канадалық Тим Кронинге қарсы жекпе-жегім коронавирусқа байланысты өтпейтін болды. Жаңалық күтіп отырмыз. 

– Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарыңызда бар ма?

– Иә, елімде жекпе-жегімді өткізсем деймін. Бірақ бұл жақын уақытта бола қоймайды. Өйткені алдағы бірқатар жекпе-жегім шетелде өтуі қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или