Академиялық есуден Олимпиадаға іріктеу турнирі өтпейтін болды

<span>Халықаралық ескек есу спорты федерациясы мамыр айына жоспарланған Олимпиадаға іріктеу турнирін өткізбейтін болды. Бұл туралы федерация ресми хабарлама таратты. </span>
<span>Федерацияның мұндай қадамға баруына әлемді жайлаған COVID-19 вирусының қаупі екені анық. </span>
<span>«2020 жылдың 17-19 мамыры аралығында Швейцарияның Люцерн қаласында өтетін Олимпиадаға іріктеу кезеңі өткізілмейді. Яғни, кейінге шегермей, жарысты мүлдем өткізбеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Азия/Океания аймағы мен Еуропада өтетін құрлықтық іріктеу турнирлері де өткізілмейді. </span>
<span>22-24 мамыр күндері Люцернде өтуі тиіс әлем кубогінің үшінші кезеңі де күнтізбеден алынды. Әлемдік және еуропалық турнирлерге тыйым салынған соң, Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңдері өтпейді», - делінген FISA хабарламасында. </span>