Көркем гимнастикадан ел үздіктері анықталды

<span>Ақтауда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогі өтті. </span>
<span>10-15 наурыз күндері "Маңғыстау-Аренада" өткен дүбірлі додадаға еліміздің түкпір-түкпірінен атлеттер қатысты. </span>
<span>Спорт шеберлері арасында көпсайыс бойынша жеке бәсекеде Шымкенттік Роза Абитова жеңімпаз атанды. Ренат Жолдинова (ШҚО) күміске, Дильназ Байленова (Қарағанды облысы) қола жүлдені қанағат тұтты. </span>
<span>Спорт шеберлігіне үміткерлер арасындағы бәсекеде Милана Парфилова үздік танылды. Жансая Жанбуршиева күміске, Дария Касаева қолаға қол жеткізді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или