Басқа

Токио басшылығы Олимпиада туралы алыпқашпа әңгімелерге жауап берді

Токио басшылығы Олимпиада туралы алыпқашпа әңгімелерге жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Токио губернаторы Юрико Коикэ қазіргі уақытта коронавирустық пандемияға қарамастан, 2020 жылғы Олимпиаданы болдырмау немесе оны көрермендерсіз өткізу туралы мәселені қарастырып жатқан жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирустық инфекцияға байланысты 2020 жылғы Олимпиаданы кейінге шегеруді жоспарламайтынын мәлімдеді.

Коикенің айтуынша, коронавируспен күресу қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Олимпиаданы өткізу мүмкіндігі үшін маңызды, бірақ ойындарды кестеге сәйкес өткізу туралы шешім қабылдау уақытын талқылауға әлі ерте. Губернатор ХОК пен Жапония үкіметімен ойындарды өткізу мәселесінде тығыз байланыста екенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер