Басқа

Олимпиада ойындарының тағдыры бүгін шешілуі мүмкін

Олимпиада ойындарының тағдыры бүгін шешілуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

17 наурызда Халықаралық спорттық федерациялар мен Ұлттық Олимпиада комиттерінің өкілдері Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен телеконференция өткізеді.

Конференция барысында Токиодағы Олимпиада ойындары бойынша шешім қабылдануы мүмкін. Қазіргі кезде Олимпиада ойындарын кейінге шегеру немесе өткізбеу туралы мәселе қарастырылмаған. Барлығы уақытында өтеді деп жоспарланып отыр. Олимпиада ойындарын көрерменсіз өткізу мүмкіндігі ғана қарастырылған болатын.

Коронавирусқа байланысты әлем бойынша көптеген спорттық жарыстар кейінге шегерілді. Егер Олимпиада ойындарын кейінге шегермесе оған қатысушы елдер мен спортшылар саны да аздау болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер