Елеусіновтің бұрынғы әлем чемпионына қарсы жекпе-жегі кейінге қалдырылды
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы 17 сәуір күні Оксон-Хиллде (АҚШ, Мэрилэнд штаты) өтетін бокс кешінің кейінге шегерілетіні туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Бұған коронавирустың өршуін себеп болып отыр.
Бұл кеште <span>Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) бұрынғы әлем чемпионы (IBF, IBO және WBA (Super)) намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасуы керек болатын.</span>
<span>Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Айдос Ербосынұлының қатысуымен өтетін Канаданың Квебек қаласындағы бокс кешінің де кейінге қалғанын жаздық. </span>
<h4>Елеусінов экс әлем чемпионымен жұдырықтасады</h4> <h4>Әлімханұлы мен Ербосынұлының Канададағы жекпе-жегі кейінге қалды</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или