Әлімханұлы мен Ербосынұлының жекпе-жектері кейінге қалдырылды
Top Rank промоутерлік компаниясы наурыз-сәуір айларына жоспарланған бокс кештерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz порталы Toprank.com сайтына сілтеме жасап.
28 наурызда Канаданың Квебек қаласында өтуі керек болған турнирлердің бірінде кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар - орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) және екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді.
Жәнібек бұрын тек өз отанында жұдырықтасқан, жеңілмеген ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) қолғап түйістіруді жоспарлады. Ал Айдос Ербосынұлы канадалық Тим Кронинмен (12-4-2, 3 КО) жұдырықтасуы керек еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или