Басқа

ITTF өз қызметін сәуірдің соңына дейін уақытша тоқтатты

ITTF өз қызметін сәуірдің соңына дейін  уақытша тоқтатты
news-banner7
mobile-news-top

Оманның Маскат қаласында үстел теннисінен Oman Open турнирі аяқталды. Ал 16 наурыз, яғни, бүгіннен бастап Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) ағымдағы жылдың сәуіріне дейін өз қызметін уақытша тоқтатты.

Мұның себебі де жоқ емес. Әлемге таралған COVID-19 осындай қадамға баруға мәжбүрлеп отыр. Бұл шешім ITTF ұйымдастыруымен өтетін барлық шараларға қатысты екенін айта кеткен жөн.

Oman Open чемпиондары:

Ерлер. Шарат Камал (Үндістан)

Әйелдер. Хитоми Сато (Жапония)

Ерлер арасындағы жұптық сын: Александар Каракашевич (Сербия) - Любомир Пистей (Словакия); Әйелдер арасындағы жұптқ сын: Хитоми Сато - Хонока Хасимото (Жапония);

Аралас жұп: Тристан Флор - Лора Гаснье (Франция);

Қазақстандық Кирилл Герасименко Маскаттағы турнирдің ширек финалында ұтылды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер