Кирилл Герасименко Oman Open турнирінің ширек финалында ұтылды

Кирилл Герасименко Oman Open турнирінің ширек финалында ұтылды

Оманның Маскат қаласында үстел теннисінен Oman Open халықаралық турнирі жалғасуда.

<span>Қазақстандық Кирилл Герасименко ширек финалға дейін сүрінген жоқ.  </span>

<span>Ол кадеттер арасындағы Оңтүстік-Шығыс Азияның үш дүркін чемпионы, сингапурлық Панг Эн Коенді 4:2 есебімен ұтса, жұптық сында әлем чемпонатының қола жүлдегері, командалық жарыстағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, португалиялық Тьягу Аполонины 4:1 есебімен жеңді.  </span>

<span>Алайда, жартылай финал жолдамасы үшін өткен тартыста Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, ресейлік Кирилл Скачковқа 3:4 есебімен жол берді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или