Басқа

Жүзу спортынан Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирде алты жүлде жеңіп алды

Жүзу спортынан Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирде алты жүлде жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Харьков қаласында жүзуден Украинаның лицензиялық ашық чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл турнирде алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 200 метрге шалқалай жүзуден Анастасия Резванцева екінші орын иеленді. Бұл бәсекедегі алтын және қола медальді украиналық спортшылар еншілеген. Ерлер арасындағы сында Глеб Коваленя қола жүлдегер атанды. Анастасия Резванцева мен Екатерина Болгарская 50 метрге шалқалап жүзуден тиісінше екінші және үшінші орын алды. 200 метрге кешенді жүзуден Ксения Игнатова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Екатерина Болгарская 100 метрге шалқалап жүзуден үшінші сатыға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер