Алматыдағы бокс кеші кейінге шегерілді
MTK KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясы 28 наурыз күніне жоспарланған Nauryz Fight Night кешін коронавирусқа байланысты кейінге шегерді.
Турнирге әлемнің әр елінен боксшылар мен олардың командалары келетініне байланысты, сондай-ақ коронавирустың кеңінен таралуына сеп болмауы үшін жарыс кейінге қалды.
Nauryz Fight Night кешінде шаршы алаңға шығуы қажет болған боксшылар:
Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) — жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері;
Тұрсынбай Кұлахмет — әуесқой бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы;
Фазлиддин Гайбназаров (Өзбекстан, 8-1, 5 KO) — 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы;
Мухаммад Васим (Пәкістан, 10-1, 7 КО);
Абай Төлеш (5-0, 3 КО)
Хуршид Тожибаев (4-0, 2 КО)
Әли Балоев (9-0, 7 КО);
Әбілхайыр Шегалиев (8-0, 4 КО);
Рай Сейітжанов (2-0);
Нұрдос Төлебай (2-0, 1 KO).