Алматыдағы мемлекеттік спорт ұйымдарында оқыту-жаттығу тоқтатылды
Алматыдағы мемлекеттік спорт ұйымдарында оқыту-жаттығу тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мегополисте барлығы 14 коммуналдық спорт нысаны бар. Оның 9-ы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Спортпен шұғылданатындардың саны 12 мыңнан асады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 13 наурыздан бастап Алматы қаласының барлық мемлекеттік спорттық мектептерінде оқу-жаттығу процесі тоқтатылды»,– делінген қалалық спорт басқармасы таратқан хабарламада.
Жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт нысандарындағы оқу-жаттығуларға, физикалық-сауықтыру қызметтерін ұсыну және спорт саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға да шектеу қойылды.
Сондай-ақ, жеке спорт ұйымдарына қызметтерді уақытша тоқтату жөнінде ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, барлық спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстанан шығуға шектеу қойылды.