5 дүркін Олимпиада чемпионы спортпен қош айтысты
Франциялық биатлоншы, Әлем кубогының жеті дүркін жеңімпазы Мартен Фуркад спорттық мәнсабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фуркад Twitter желісіндегі кәсіби спортпен қош айтысқан сарында былай деп жазды: «Саяхаттағанымыз үшін рахмет. «Қош болыңыздар» дейтін уақыт та келді.
Thanks for the journey<br />Time to say goodbye.<span> </span>pic.twitter.com/TOU7uQpW84
— Martin Fourcade (@martinfkde)<span> </span>March 13, 2020
31 жастағы спортшы Олимпиаданың 5 дүркін, әлем чемпионатының 13 дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ, Мартен Әлем кубогын жеті рет жеңіп алған жалғыз биатлоншы. Ол аталмыш турнирде 149 рет тұғырға көтерілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или